×

Қазақстандық 15 жастағы ауыратлет қыз әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қазақстандық Ксения Прозорова Перудің Лима қаласындағы ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

03.05.2025, 14:10
Қазақстандық 15 жастағы ауыратлет қыз әлем чемпионатында жеңіске жетті
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Спортшы ел қоржынына алтын медаль салды, ол 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.

Ксения қос сайыс нәтижесі бойынша 199 (91+108) келі көтерді. Екінші орынды өзбекстандық Маржона Абдумуталова иеленді – 190 (88+102) келі. Үшінші орын ресейлік Полина Павловичке бұйырды – 189 (85+104) келі.

73 келі салмақта Ернұр Мырзахметов қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ 81 келі салмақ дәрежесінде Ерасыл Сіулебеков те үшінші орын алды.

Айта кетейік, бұған дейін 61 келі салмақ дәрежесінде Бейбарыс Ерсейт әлем чемпионатында бірінші орын алған еді.

Новости партнеров