×

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына енді

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы салмақ дәрежесіне қарамастан (Pound-for-Pound) планетаның ең үздік боксшыларының тізіміне енді, деп хабарлайды Ulyssport.kz

Бүгін, 11:35
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына енді
әлеуметтік желі

АҚШ-тың беделді журналисі Стивен Эдвардс Boxingscene.com порталында жариялайтын өзінің жеке рейтингінде қазақстандық боксшыны 20-орынға қойды.

Бұл тізім әдетте спортшылардың жетістіктері, техникалық шеберлігі, қарсыластарының деңгейі және рингтегі жалпы басымдығы негізінде жасалады. Әлімханұлының бұл рейтингідегі орны оның әлемдік аренадағы беделінің артып келе жатқанын көрсетеді. Қазіргі таңда Жәнібектің рекорды мінсіз — 17 жеңіс, оның 12-сі нокаутпен, бірде-бір жеңіліс жоқ.

Рейтингтің көшін жартылай орта салмақтағы америкалық Теренс Кроуфорд бастады — 41 жеңіс, оның 31-і нокаутпен, жеңіліс жоқ. Екінші орында — украиналық Александр Усик (23-0, 14 KO), қазіргі ауыр салмақтағы әлем чемпионы. Үздік үштікті жеңіл салмақтағы жапониялық феномен Наоя Иноуэ (29-0, 26 KO) түйіндеді.

Үздік бестікке Ресей өкілдері де енді — Сауль Альваресті жеңген Дмитрий Бивол (24-1, 12 KO) және нокауттар саны жағынан рекордтық көрсеткішке ие Артур Бетербиев (21-1, 20 KO).

Қызығы, әлемдік бокстың бет-бейнесі және қазіргі кездегі ең кассалық жұлдыздардың бірі саналатын Сауль "Канело" Альварес Эдвардстың рейтингінде небәрі сегізінші орынға жайғасқан.

Новости партнеров