×

Қазақстан таеквондодан клубтар арасындағы Азия чемпионатын жеті медальмен аяқтады

Қытайдың Уси қаласында таеквондодан клубтар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 09:23
Қазақстан таеквондодан клубтар арасындағы Азия чемпионатын жеті медальмен аяқтады
Фото: ҰОК

Аталмыш жарыста Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға ие болды.

Турнирде алтын жүлдені Мария Севостьянова (57 келіге дейін) мен Дамир Шуленов (68 келіге дейін) жеңіп алды.

Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) күміс медаль иеленді.

Қола медальға Нодира Ахмедова (49 келіге дейін), Тамирлан Тлеулес (58 келіге дейін), Алтаир Өмірбеков (74 келіге дейін) және Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) қол жеткізді.

Новости партнеров