×

Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Өзбекстанда өткен турнирде үш алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Наманган (Өзбекстан) қаласында өткен Silk Way Namangan халықаралық турнирінде бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 12:31
Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Өзбекстанда өткен турнирде үш алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Топтық жарыста жеңісті Әлішер Жұмақан жеңіп алды. Осы жарыс түрінде Владислав Скибин екінші орынға ие болды.

Командалық спринтте Кирилл Курдиди, Данияр Шаяхметов және Мұхтар Рамазан бірінші орынмен мәреге жетті. Дмитрий Резанов, Андрей Чугай және Виктор Голов қола жүлдені еншіледі.

Командалық із кесу жарысында Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков, Максим Хорошавин және Илья Карабутов жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Новости партнеров