×

Есет Қуанов дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының балуаны Есет Қуанов Астана қаласында өтіп жатқан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ulyssport.

10.05.2025, 17:56
Есет Қуанов дзюдодан Астанадағы Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Отандасымыз 73 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Қола медаль үшін өткен белдесуде Есет Қуанов грузиялық Михейли Бахбахашвилиді жеңді.

Сондай-ақ, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абылайхан Жұбаназар қола медаль үшін италиялық Мануэль Парлатимен белдеседі.

Новости партнеров