×

Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатының "B" тобындағы алғашқы матчта Норвегиямен кездесті, деп хабарлайды Ulyssport.

11.05.2025, 09:05
Қазақстан хоккей құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында жеңіске жетті
Қазақстан хоккей федерациясы

Бірінші кезеңде есепті Норвегия құрамасы ашты, ал екінші кезеңде Роман Старченко есепті теңестірді. Үшінші кезеңде Владимир Волков әлем чемпионатындағы алғашқы шайбасын соқты.

Қазақстан хоккей федерациясының мәліметінше, 30 соққыны қайтарған қақпашы Максим Павленко матчтың үздік ойыншысы болды. 

Қазақстан құрамасы келесі ойынын 11 мамыр күні Германияға қарсы өткізеді. Матч сағат 19:20-да басталады.

Новости партнеров