Ерасыл Қажыбаев Астанадағы Grand Slam турнирінің алтын медалі үшін күреседі

Редакция Ulyssport

Қазақстан құрамасының балуаны Ерасыл Қажыбаев елордада өтіп жатқан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Olympic.kz

Отандасымыз 100 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Ерасыл жартылай финалдық бәсекеде грузиялық Иракли Деметриашвилиді жеңді. Оның финалдағы қарсыласы жапониялық Хега Ота болмақ.

Сондай-ақ, 100 келіге дейінгі салмақта Марат Байқамұров пен Бақжан Байтас қола жүлде үшін бақ сынайды.