×

Қазақстандық екі балуан дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

Қазақстан құрамасының балуандары Марат Байқамұров пен Бақжан Байтас Астанадағы Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінде жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді, деп хабарлайды Ulyssport.

11.05.2025, 18:22
Қазақстандық екі балуан дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Марат Байқамұров 100 келіге дейінгі салмақта ливандық Карамноб Сагаиповпен кездесті. Нәтижесінде Марат Байқамұров қосымша уақытта иппонмен жеңіске жетті.

Ал Бақжан Байтастың қарсыласы ресейлік Адам Сангариев жарыстан бас тартты. Осылайша отандасымыз қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, бүгін 100 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде Ерасыл Қажыбаев Хега Отамен өзара мықтыны анықтайды.

Новости партнеров