×

Руслан Курбанов семсерлесуден күміс медаль жеңіп алды

Семсер қаруымен айқасудан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Руслан Курбанов Богота (Колумбия) қаласында өткен Гран-при турнирінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 12:47
Руслан Курбанов семсерлесуден күміс медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Жартылай финалда Курбанов Өзбекстан өкілі Вадим Анохинді 15:14 есебімен жеңді.

Алайда шешуші финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы жапониялық Акира Коматаға 10:15 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, өзбекстандық Вадим Анохин мен француз Луиджи Мидельтон үшінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ, Ерлік Сертай да үздік ондықтың қатарына еніп, турнирді сегізінші орынмен аяқтады.

Новости партнеров