Хамзаальпер Ромашкин таеквондодан алтын медаль иеленді

Дастан Кенжалин

Қазақстан құрамасының спортшысы Хамзаальпер Ромашкин таеквондодан Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан жастар арасындағы (WT) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық жекпе-жекте Ромашкин Канада өкілі Никола Самордичті сенімді әрі техникалық шеберлікпен жеңді.

Айта кетейік, БАӘ-де өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатына 81 елден 800-ден астам спортшы қатысып жатыр. Аталмыш жарыс 14 мамырға дейін жалғасады.