Ауыратлет Пётр Хребтов Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Дастан Кенжалин

Қазақстан ауыр атлетикадан Цзяншань (Қытай) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Фото: ҰОК

Жалпы есепте үшінші орын алған Пётр Хребтов қола жүлдегер атанды. Ол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша қазақстандық зілтемірші 333 (146+187) келі салмақты еңсерді.

Бірінші орынды Индонезия өкілі Абдулла Рамат Ервин 360 (155+205) келімен иеленсе, екінші орынға Қытайдан У Хайфен 334 (145+189) келімен жайғасты.