×

Әбиба Әбужақынованың құпия жоспары

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарының алғашқы күні дзюдодан әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Әбиба Әбужақынова жүлдеге қол жеткізе алмаған болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

30.07.2024, 20:15
Әбиба Әбужақынованың құпия жоспары
Ашық дереккөз

Жарыстан шыққан бетте отандық тілшілерге ел үмітін ақтай алмағыны үшін кешіріп сұрап, ағыл-тегіл көз жасына ерік берген еді. Бүгін Әбужақынованың жеке бапкері Нұрбол Сүлейменов алғаш рет Қазақпарат тілшісіне шәкіртінің қазіргі көңіл-күйі қалай екенін айтып берді.

Жеңіліп қалғаннан кейін бір күнге дейін ешкіммен сөйлескен жоқ. Жылай берді. Мен де ештеңе айтпадым, сөйлеспедім. Ондай кезде бірдеме айтудың өзі артық. Ертесі ғана ашуы басылып, өз-өзіне келгеннен кейін ғана сөйлестім. Қазір көңіл-күйі дұрысталып қалды, - деді бас бапкер.

Сонымен қатар Әбиба Әбужақынованың осыған дейінгі ешкімге айтпаған құпия жоспарын да айтып қалды.

Әбибаның өзінің осыған дейін ешкімге айтпай келе жатқан жоспары болған. "Егер осы Парижде жүлдеге қол жеткізіп, чемпион болсам, спорттық мансабымды аяқтаймын" деген. Өкінішке қарай, ол жоспары орындалмады. Енді бүгін сөйлессем, «аға, мен бәрі бір, Олимпиада жүлдесін алмай спортпен қоштаспаймын» деді. Негізі Әбиба өте намысшыл қыз. Қайсар қыз, - деді оның жеке бапкері Нұрбол Сүлейменов.

Естеріңізде болса Әбиба Әбужақынова Олимпиада ойындарын 5-орынмен аяқтаған болатын.

Новости партнеров