×

Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан қай орында

Қазақстан таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жалпыкомандалық есебінде екінші орын алды, деп хабарлайды Ulyssport.

15.05.2025, 11:43
Таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: Қазақстан қай орында
Фото: ҰОК

Фуджейра (БАӘ) қаласында таеквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды.

Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды.

Алтын медаль иегерлері – Хамзаальпер Ромашкин (61 келіге дейін) мен Жантөре Сағынғали (65 келіден жоғары).

Күміс жүлдені Аятжан Әмірханов (57 келіге дейін) жеңіп алды.

Ал Алла Цой (47 келіге дейін) мен Аида Ғожалымова (51 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 87 елдің ішінде екінші орынға тұрақтады.

Новости партнеров