Қазақстан құрамасының өкілі Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстандық гимнаст таспамен жаттығудың финалында жеңіске жетті.
Ал Айым Мейіржанова ұршықпен жаттығуда үшінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста да үшінші нәтиже көрсеткен еді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатының жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз. Отандастарымыз топтық жаттығуларда алтын медаль жеңіп алып, көпсайыста жеңіске жетті. Екінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы иеленсе, Өзбекстан үшінші нәтиже көрсетті.