×

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан тағы бір алтын медаль жеңіп алды

Көркем гимнастикадан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 16:20
Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты: Қазақстан тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Құрлықтық біріншілікте ұлттық құрама топтық жаттығулардың финалында шығыршықта және доппен үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді.

Қазақстандықтар төрешілердің шешімімен 26,65 ұпай жинады. Екінші орын — 25,15 ұпаймен Өзбекстанға, ал үшінші орын — 24,25 ұпаймен Оңтүстік Кореяға бұйырды.

Сондай-ақ команда бес таспамен жаттығу бағдарламасында екінші орынды иеленді. Бұған дейін спортшылар топтық жаттығулардың көпсайысында жеңіске жеткен болатын.

Осы чемпионатта Айбота Ертайқызы таспамен жаттығуда алтын, ал жекелей көпсайыста қола медаль жеңіп алды. Ал Айым Мейіржанова ұршықтармен жаттығуда үздік үштікті қорытындылады.

Новости партнеров