20–23 мамыр аралығында Испанияның Пладжа-де-Аро қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.
Аталмыш жарысқа 25 елден барған спортшылар қатысып, 19, 17, 15, 13 және 11 жасқа дейінгі санаттар бойынша жүлделер мен рейтингтік ұпайларды сарапқа салады.
Бұл турнирде Қазақстан намысын Жәния Бекмұхамбетова, Артём Ваплет, Дагир Данияров және Әмір Сарқытбай қорғайды.