Азатбек Жолдасханның нокаутынан кейін қарсыласын зембілмен көтеріп алып кетті, деп хабарлайды Ulyssport qsport.kz-ке сілтеме жасап.
Коломбода 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Ауыр салмақтағы (92 кг) жартылай финалдық жекпе-жекте отандасымыз пәкістандық Абдула Муджахиданы ұрып құлатты.
Азатбек финалда ауған боксшысымен жұдырықтасады.
Бұл жарысты IBA ұйымдастырып жатыр.