×

Алматы таеквондошылары Қазақстан кубогының командалық есебінде жеңіске жетті

Ақтөбеде таеквондодан (WT) Қазақстан кубогының бірінші кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

20.05.2025, 16:17
Алматы таеквондошылары Қазақстан кубогының командалық есебінде жеңіске жетті
Фото: ҰОК

Турнирге елдің барлық өңірінен 140 спортшы қатысты.

Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша командалық есептегі үздік үштік төмендегідей болды:

1-орын – Алматы қаласы: 3 алтын, 2 күміс, 4 қола

2-орын – Атырау облысы: 2 алтын

3-орын – Түркістан облысы: 1 алтын, 2 күміс, 2 қола

Новости партнеров