×

Елена Рыбакина теннистен Францияда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Францияның Страсбург қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ulyssport.

21.05.2025, 14:22
Елена Рыбакина теннистен Францияда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды
Фото: ҰОК

Турнирдің екінші айналымында қазақстандық теннисші Қытай өкілі Ван Синьюймен кездесті.

Кездесу екі сетке созылды. Рыбакина жалпы есепте 6:1, 6:3 нәтижесімен жеңіске жетті.

Ширек финалда қазақстандық теннисші Польша спортшысы Магда Линеттпен кездеседі.

Новости партнеров