×

Ол менің қанымды ішті - Руслан Курбанов жапон қарсыласы туралы

Семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Курбанов жекелей сындағы сәтсіздік себебін түсіндірді, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

30.07.2024, 13:47
Ол менің қанымды ішті - Руслан Курбанов жапон қарсыласы туралы
Фото: olympic.kz/Владислав Семенов

Olympic.kz жазуынша, ол алғашында марокколық спортшымен кездескен.

«Францияда туылып, осы жерде жаттығу жасайтын мықты спортшылардың бірі. Сондықтан, онымен тактикалық тұрғыдан жақсы жұмыс істедім. Залдағы у-шуға мән бермей,  ешкімге көз салмай, бос кеңістікке кеткендей әсерде болдым. Екінші кездесуде маған Олимпиада чемпионы түсті. Оның кім екенін білемін, көптен бері бақылап жүрмін. Жаттығу кезінде де семсерлескеніміз бар. Жарыс пен жаттығудың мүлде бөлек нәрселер екені белгілі. Құрған тактикалық жоспарымыз жүз пайыз дұрыс боп шықты”, – деді спортшы.

Ол ең қиын сәт жапон спортшысымен болған кездесу екенін айтты. 

“Ең қиын сәт – Каномен кездескенім дер едім. Ол менің қанымды ішті. Олимпиада чемпионы. Мен одан бір емес, екі емес, бірнеше рет ұтылдым. Жарыстарда оны жеңген кезім есімде жоқ, тек жаттығуда болмаса. Семсерлесуде бәрі рейтинг бойынша жүреді. Егер бір минут ішінде ұпай алмасаң, саған сары қағаз береді. Егер сен бір минут ішінде екінші рет шабуылға бармасаң, қызыл қағаз береді. Егер үшінші рет ешкім ұпай алмаса, қара қағаз беріп, жарыстан шеттетеді. Қарсыласым рейтингте жоғары тұрғандықтан, мен шабуылға баруым керек. Ол қорғаныста да өзін жақсы сезінеді. Тактикалық тұрғыдан маған жалғыз жол болды – бірінші шабуылға барып, кейін қорғанысқа кету. Бірақ бәрі керісінше болды да, оның шабуылы үдей түсті”, - дейді Руслан Курбанов. 

Айта кетелік, Курбанов Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңілді. 

Новости партнеров