Түркістанда триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Ulyssport.
Ерлер арасындағы жарыста алматылық Егор Крупяков жеңіске жетті. Екінші орынды шымкенттік Дарын Қонысбаев иеленсе, үздік үштікті алматылық Александр Тен қорытындылады.
Әйелдер арасында астаналық Диана Ержанова чемпион атанды. Күміс медальді алматылық Дарья Мазур жеңіп алса, астаналық Аида Ким үшінші нәтиже көрсетті.