×

Бүгін "Ролан Гаррос" турнирі басталды

Дәл қазір Франция астанасы Париж қаласында жылдың екінші Үлкен дулыға турнирі "Ролан Гаррос - 2025" жарысының алғашқы матчтары өтіп жатыр, - деп хабарлайды ulyssport.kz

Бүгін, 14:37
Бүгін "Ролан Гаррос" турнирі басталды
Ашық дереккөз

Жеребе тартылды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина турнирдің алғашқы айналымында квалификация кезеңінде жеңіске жеткен Аргентина теннисшісі Юлия Риерамен кездеседі. Кеше ғана Страсбургта өткен WTA 500 жарысында топ жарған жерлесіміз Парижге бүгін келеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцеваның да бірінші кезеңдегі қарсыласы квалификация турнирінің нәтижесінде белгілі болды. Ол да аргентина спортшысы Солана Сиерра. Спортшылар осыған дейін өзара матч өткізбеген. Путинцева жұптық сында да бақ сынайды. Канадалық Лейла Фернендеспен бірге Никулеску/Питер жұбына қарсы ойнайды.

Ерлер арасындағы бәсекеде Александр Бублик бірінші айналымында әлемнің 92-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортпен кездеседі.

Турнирдің негізгі кезеңіне квалификация арқылы жолдама алған тағы бір қазақстандық Александр Шевченко Сербияның тәжірибелі спортшысы Душан Лайовичпен екінші айналымға өту үшін таласады.

Жұптық сында Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге Пера (АҚШ)/Линетт (Польша) дуэтіне қарсы бақ сынамақ.

Қазақстан спортшылары жарысты ертең бастайды. 

Жүлде қоры

2025 жылы “Ролан Гаррос” турнирінің жүлде қоры рекордтық деңгейге жетті, яғни 56,352 миллион еуроны құрады. Бұл өткен жылғы турнирдің жүлде қорынан 5,37% есе артық. Еске салайық, Үлкен дулыға турнирлерінде ерлер мен әйелдер арасындағы жүлде қорлары тең болады. Биыл жүлде қоры келесідей үлестіріледі:

Айналым Сома, еуро
Бірінші 78 000
Екінші 117 000
Үшінші 168 000
Төртінші 265 000
Ширек финал 440 000
Жартылай финал  690 000
Финал 1 275 000
Чемпион 2 550 000

 

"Ролан Гаррос-2025" турнирінің негізгі кезең матчтары 25 мамырда басталып, 8 маусымға дейін жалғасады.

Турнирдің былтырғы чемпиондары: польшалық Ига Швёнтек пен испаниялық Карлос Алькарас. Өткен жылғы финалдарда Швёнтек италиялық Жасмин Паолиниді ойсырата жеңсе (6:2, 6:1), ал Алькарас Германия өкілі Александр Зверевті бес сетке созылған тартысты матчта ұтқан еді (6:3, 2:6, 5:7, 6:1, 6:2).

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр