×

Елена Рыбакина Ролан Гарросты жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Франция ашық чемпионатының бірінші айналымда аргентиналық Хулия Риераны үш сетке созылған тартысты матчта 6:1, 4:6, 6:4 есебімен ұтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz

26.05.2025, 16:34
Елена Рыбакина Ролан Гарросты жеңіспен бастады
Roland Garros

Бастапқыда Рыбакина Токио Олимпиадасының чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесуі тиіс еді, алайда қарсыласы қол жарақатына байланысты турнирден бас тартты. Оның орнына Риера шықты.

Бұл жеңіс Рыбакина үшін сәтті серияның жалғасы болды. «Ролан Гаррос» турнирінің алдында жерлесіміз WTA 500 санатындағы Страсбург жарысында топ жарып, финалда Людмила Самсонованы 6:1, 6:7(2), 6:1 есебімен жеңген еді.

Турнирдің екінші айналымында Рыбакина АҚШ спортшысы Ива Йовичпен кездеседі. Теннисшілер осыған дейін Аустралия ашық біріншілігінде кездесіп, матч қорытындысы қазақстандықтың пайдасына шешілген.

Ертең Ролан Гаррос турнирінде Александр Бублик, Александр Шевченко, Юлия Путинцева және Анна Данилина өз матчтарын өткізеді. 

Новости партнеров