×

Абылайхан Жұбаназар: Ширек финалға өтетініме сенімді болдым

Қазақстан құрама командасының дзюдошысы Абылайхан Жұбаназар 2024 жылғы Олимпиада ойындарының басында жеңілісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

30.07.2024, 14:26
Абылайхан Жұбаназар: Ширек финалға өтетініме сенімді болдым
Фото: olympic.kz/Сәли Сабыров

Olympic.kz сайтына берген сұхбатында ол белдесуге дайын болғанын айтты.

"Мен белдесуге дайын болдым, жеңіп, келесі кезеңге өтетініме сенімді едім. Әлі күнге дейін белдесудің мұндай нәтижемен аяқталғанын түсіне алмай отырмын. Дайындық кезінде ешқандай проблема болған жоқ. Олимпиадаға толық дайындықпен келдім. Венгриялықпен бұрын да татамиде кездескенмін. Бір рет оған жеңіліп қалған кезім де болды. Енді, міне, бүгін тағы жеңілдім. Себебін білмеймін. Талдап көреміз. Біз қайталауды көрдік. Онда менің әдіс жасағаным көрініп тұр, бірақ ұпай қарсыласыма берілді. Сөз табу қиын. Жеңіліске ұшыраудың ерекше себептері болған жоқ", - деді Жұбаназар.

Еске сала кетейік, Жұбаназар турнирлік жолын екінші кезеңнен бастады. Дзюдодан Ұлттық құраманың 81 кг салмақтағы көшбасшысы Абылайхан Жұбаназар Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде мажар Атилла Унгваридан қосымша уақытта (golden score) жеңіліп қалды.

Новости партнеров