Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ролан Гаррос турнирінің бірінші айналымында Джеймс Даквортты (Аустралия) 3:0 (6:2, 6:4, 6:4) есебімен ұтты, деп хабарлайды ulyssport.kz
Екінші айналымда Бублик тағы бір аустралиялық Алекс де Минаурге қарсы ойнайды. Алекс алғашқы кезеңде серб Ласло Джерені үш сеттік матчта жеңді.
Осыған дейін жекелей сында Елена Рыбакина мен Александр Шевченконың да турнирді сәтті бастағанын хабарлаған болатынбыз. Бүгін Ролан Гаррос кортында жекелей сында Юлия Путинцева, сондай-ақ жұптық сында Анна Данилина өнер көрсетеді.