×

Тергеу ілінген ҚФФ басшылығы бюджетке 2 млрд теңгені қайтарды

Бұл туралы мәжіліс кулуарында журналистердің сұрақтарына жауап берген қаржылық мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

28.05.2025, 13:12
Тергеу ілінген ҚФФ басшылығы бюджетке 2 млрд теңгені қайтарды
Ұлысмедиа коллажы

Елемесов бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының тергеуге ілінгені турасында тараған ақпараттарға көп тың мәлімет қоса алған жоқ. Бірақ қылмыстық іс шеңберінде федерация басшылығы 2 млрд теңге ақшаны бюджетке өтегенін айтты. Ал федерациясының бұрынғы басшысы Әділет Бәрменқұлов тергеуге ілінбегенін жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүріп жатқанын жазған болатынбыз. Қазнетте Әділет Бәрменқұловқа қатысты тергеу басталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда Бәрменқұлов мұны жоққа шығарды.

Новости партнеров