×

Ролан Гаррос: Путинцева бір күнде екі рет жеңді

Бүгін Парижде қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 31-ракеткасы) жекелей және жұптық сында өнер көрсетіп, екеуінде де жеңіске жетті, деп хабарлайды ulyssport.kz

29.05.2025, 21:43
Ролан Гаррос: Путинцева бір күнде екі рет жеңді
© Imago / Panoramic

Жекелей сын

Екінші айналымда Путинцева Тайвань елінен келген, әлемдік рейтингте 175-орында тұрған Джоанна Гарлендпен кездесіп, екі сетте - 7:6 (7:5), 6:3 есебімен жеңді. Матчтың бірінші сеті өте тартысты өтті. Жерлесіміз тай-брейкте жеңісті жұлып алды. Екінші сетте ол басымдықты мықтап ұстап, қарсыласына камбэк жасауға еш мүмкіндік қалдырмады. Осы жеңісінің арқасында Юлия Рыбакина мен Бубликтің артынан жарыстың үшінші айналымына жолдама алды.

Келесі матч қазақстандық спортшы үшін нағыз сынақ болмақ. Себебі ол әлемнің алтыншы ракеткасы, ресейлік теннисші Мирра Андреевамен кездеседі.

Жұптық сын

Әйелдер арасындағы жұптық сында Юлия Путинцеа канадалық Лейла Фернандеспен бірге өнер көрсетуде. «Ролан Гаррос» турнирінің бірінші айналымында румын Моника Никулеску мен поляк Катаржина Питерге қарсы ойнады. Матч екі сетпен ғана шектелді, Путинцева мен Фернандес қарсыластарына небәрі екі гейм ғана берді. Қорытынды есеп: 6:0, 6:2.

Екінші айналымда Путинцева мен Фернандес словак Тереза Михаликова және Ұлыбританиядан Оливия Николлс жұбымен кездеседі.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр