Рыбакина Франция ашық чемпионатының үшінші кезеңінде "Ролан Гаррос-2017" чемпионы, латвиялық Алена Остапенконы 6:2, 6:2 есебімен ұтып кетті, деп хабарлайды ulyssport.kz
Ролан Гарростың Сюзан Ленглен стадионында өткен матчта қазақстандық теннисші 6 эйс орындап, 4 қосар қателік жасады. Ал қарсыласы 3 эйс және 8 қосар қателікпен көзге түсті. Рыбакина 14 брейк-пойнтқа ие болып, оның 5-уін өз пайдасына шеше алды.
Елена Рыбакина ширек финалға жолдаманы әлемнің экс-бірінші ракеткасы Ига Швентекпен сарапқа салады.
Әдетте турнир барысында сеткаға қарамаймын. Тек күтіп тұрған матчымды ойлаймын. Бүгіннен бастап сетка кішірейе бастайды, демек ойыншылар саны да азаяды. Келесі кездесуді (былтырғы Ролан Гаррос чемпионы Ига Швентекпен өтеді) жеңу үшін бар күшімді саламын, – деді Елена Рыбакина матчтан кейінгі сұхбатында
Ертең жекелей сында Александр Бублик және Юлия Путинцева үшінші айналымдық матчтарын өткізеді.