Парижде өтіп жатқан Францияның ашық чемпионатында (Ролан Гаррос) қазақстандық теннисші Александр Бублик келесі төртінші айналымға өтті, деп хабарлайлы ulyssport.kz
Жекелей сындағы еліміздің бірінші ракеткасы үшінші айналымда португалиялық Энрике Рошамен күш сынасты.
Әлемдік рейтингте 200-орында тұрған 21 жастағы спортшыға қарсы ойында Бублик айқын басымдық танытып, үш сетте жеңіске жетті. Есеп 7:5, 6:1, 6:2.
Осылайша, Александр Бублик алғаш рет Ролан Гаррос турнирінің 1/8 финалына шықты. Келесі кезеңде ол Ұлыбританияның бірінші ракеткасы Джек Дрейпермен кездеседі. Дрейпер бразилиялық жас теннисші Фонсеканы үш сетте ұтқан еді.
Айта кетейік, бұған дейін Бублик аустралиялық Джеймс Дакворт пен Алекс де Минаурды жарыс жолынан шығарған болатын.