×

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды

13-20 маусым аралағында Будапештте (Венгрия) дзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.

02.06.2025, 12:09
Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын балуандар белгілі болды
Фото: ҰОК

Әлем біріншілігінде 92 елден 566 спортшы 14 салмақта жүлде үшін бақ сынайды.

Қазақстанның құрамы төмендегідей:

Ерлер:

- 60 келі: Мағжан Шамшадин, Шерзoд Давлатов

- 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев 

- 73 келі: Есет Қуанов

- 81 келі: Абылайхан Жұбаназар

- 90 келі: Мейірлан Максим

- 100 келі: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

- 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

- 48 келі: Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева

- 63 келі: Эсмигүл Куюлова

Сондай-ақ турнир аясында командалық жарыс ұйымдастырылады.

Новости партнеров