×

Қазақстан спорттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында үшінші орын алды

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы спорттық гимнастикадан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 08:31
Қазақстан спорттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында үшінші орын алды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұлттық құрама командалық көпсайыста үшінші орынға көтерілді.

Жүлдеге қол жеткізген спортшылар: Нұртан Ыдырысов, Роман Хегай, Артем Ковалев, Владислав Бабушкин, Андрей Терман және Өмірсерік Досжан.

Бірінші орынды Жапония иеленсе, екінші орынға Оңтүстік Корея құрамасы тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін ересектер құрамасы да Азия чемпионатында үшінші орынды еншілеген болатын.

Новости партнеров