Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Ulyssport.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жарыс аясында еркін жаттығулар бойынша финал өтті. Қазақстандық Милад Карими 14.400 ұпай алып, екінші орынды иеленді.
Бірінші орынды филиппиндік Карлос Юло (14.600 ұпай) жеңіп алды. Үздік үштікті оңтүстіккореялық Мун Гын Ён (14.033 ұпай) түйіндеді.
Сондай-ақ, осы финалда Дмитрий Патанин де өнер көрсетіп, медальге сәл ғана жетпей қалды (13.833 ұпай).
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан спорттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында үшінші орын алған еді.