Қазақстандық бес боксшы Нидерландтағы халықаралық турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Ulyssport.
Нидерландтың Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасынан бес боксшы финалға жолдама алды.
Жартылай финалда бақ сынаған сегіз спортшының үшеуі жарыс жолынан шығып қалды. 65 келі салмақта Ертуған Зейнуллинов әзербайжандық Али Абдуллаевқа жол берсе, 75 келіде Сабыржан Аққалықов украиналық Джамал Кулиевке есе жіберді. Ал 90 келідегі Сағындық Тоғамбай өзбекстандық Турабек Хабибуллаевпен болған жекпе-жекте жеңіліс тапты.
Финалға жолдама алғандар қатарында Даниял Сәбит (50 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Нұрлан Сапарбай (+90 келі) бар.
Атап айтқанда, Абылайхан Жүсіпов шешуші кезеңде Өзбекстан құрамасының мүшесі, Олимпиада және әлем чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен кездеседі.