×

Дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионаты: Ғұсман Қырғызбаев ширек финалға жолдама алды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Ғұсман Қырғызбаев Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/4 финалға шықты, деп хабарлайды Ulyssport.

14.06.2025, 17:01
Дзюдодан 2025 жылғы әлем чемпионаты: Ғұсман Қырғызбаев ширек финалға жолдама алды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта израильдік Гуй Гутманмен кездесті.

Белдесу қосымша уақытқа дейін созылды. Нәтижесінде Ғұсман Қырғызбаев тиімді әдіс қолданып жеңіске жетті.

БҰҒАН ДЕЙІН

Ғұсман Қырғызбаев алғашқы белдесуінде қытайлық Сюэ Цзыянды жеңген еді.

Еске салайық, бұған дейін дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлем чемпионатында тарихи күміс медаль жеңіп алды.

Новости партнеров