×

Дзюдодан әлем чемпионаты: Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада чемпионына есе жіберді

Қазақстан құрамасы кеше, дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күнінде жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Ulyssport.

15.06.2025, 09:07
Дзюдодан әлем чемпионаты: Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада чемпионына есе жіберді
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

14 маусымда ел намысын тек Ғұсман Қырғызбаев қорғады.

Ол ширек финалда жеңіліп, жұбаныш белдесуінде өнер көрсетті.

Егер бұл белдесуде жеңіске жетсе, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алар еді.

Алайда Қырғызбаев қос бірдей Олимпиада чемпионы, жапониялық Хифуми Абэден айласын асыра алмады.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде бір ғана жүлде бар. Бір күн бұрын 48 келі салмақта Әбиба Әбужақынова күміс медаль иеленген болатын.

Новости партнеров