×

Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогының кезеңінде жеңіске жетті

Бурабайда триатлоннан Азия кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 15:12
Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогының кезеңінде жеңіске жетті
Фото: ҰОК

Жарысқа Қазақстан, Беларусь, Чехия, Германия, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Эстония, Түркия, Өзбекстан және Жапониядан келген 120-дан астам спортшы қатысты.

Турнир World Triathlon ұйымының құрлықтық күнтізбесі аясында өтіп, Азия және әлем чемпионаттарына дайындықтағы маңызды кезеңдердің біріне айналды.

Элита санатында ерлер арасында қазақстандық Дарын Қонысбаев 1:46:28 нәтижесімен жеңімпаз атанды. Одан кейін ресейлік Роман Минеев мәреге жетті. Үшінші орынды Германия өкілі Тилль Крамп иеленді.

Әйелдер арасындағы жасөспірімдер санатында Қазақстан спортшысы Диана Ержанова алтын медальға ие болды - 1:08:20. Күміс жүлде - өзбекстандық Диана Биктимировада. Қола медальды қазақстандық Әнел Исабаева жеңіп алды - 1:10:54.

Ал ерелер арасындағы жасөспірім санатында жеңіс тұғыры толықтай қазақстандық спортшылармен толды. Елмұрат Қанай бірінші орынды иеленді. Екінші орын - Илья Крупяковта. Ал Рамазан Айнегов қола жүлдегер атанды.

Новости партнеров