×

Әліби Ыдырыс UFC-ге шығу үшін өзбек жауынгерімен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық жауынгер Әліби Ыдырыс UFC-дің танымал реалити-шоуындағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Ulyssport Qsport.kz-ке сілтеме жасап. 

19.06.2025, 15:14
Әліби Ыдырыс UFC-ге шығу үшін өзбек жауынгерімен жекпе-жек өткізеді
Фото: instagram

Аталған шоуда бұрынғы UFC-дің екі салмақтағы чемпионы Даниель Кормьенің қол астында жекпе-жек өткізетін қазақстандықтың алғашқы қарсыласы өзбекстандық Фуркатбек Йокубов (14–4) болады. 30 жастағы Йокубов – кикбоксингтен әлем чемпионы және ол осы шоуда Чаел Сонненнің тәлімгері ретінде шығады.

TUF реалити-жобасының 33-маусымының бесінші эпизоды 25 маусым күні өтеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, "Қан мен тер" лақап атымен танымал Әліби Ыдырыс (10-0) Naiza ұйымының бұрынғы чемпионы. Ол осы жобаға қол жеткізген алғашқы қазақстандық жауынгер.

TUF жарысының жеңімпазы UFC-мен тікелей келісімшарт жасауға мүмкіндік алады.

Новости партнеров