×

Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 15:26
Қазақстан құрамасы дзюдодан әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады
Фото: ҰОК

Соңғы сайыс түрі – аралас командалар арасындағы бәсеке болды.

Бастапқы кезеңде ұлттық құрама Бразилия командасымен кездесті. Нәтижесінде бразилиялықтар 0:4 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан бұл әлем чемпионатында жалғыз ғана медаль еншіледі. Турнирдің бірінші күнінде Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған болатын.

Новости партнеров