×

Қазақстандық мергендер Азия кубогында медальға бір қадам жетпей қалды

Садақ атудан Азия кубогының Сингапурдағы кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы қола медаль үшін өткен бәсекеде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 16:00
Қазақстандық мергендер Азия кубогында медальға бір қадам жетпей қалды
Фото: ҰОК

Классикалық садақ атудан аралас командалар арасындағы сайысқа Ильфат Абдуллин мен Самира Жұмағұлова қатысты.

Жартылай финалда қазақстандық мергендер Индонезия құрамасынан 2:6 есебімен жеңілді.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан Сингапурға 3:5 есебімен жол берді.

Айта кетейік, блоктық садақ атудан Қазақстан аралас құрама командасы финалға шықты. Олар 20 маусымда алтын медаль үшін Үндістан құрамасына қарсы сынға түседі.

Новости партнеров