×

Қазақстандық семсерлесушілер Қытайды тас-талқан етіп жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты

Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы семсер қаруымен айқасудан финалға жолдама алды, деп хабарлайды Ulyssport.

21.06.2025, 12:47
Қазақстандық семсерлесушілер Қытайды тас-талқан етіп жеңіп, Азия чемпионатының финалына шықты
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл сында еліміздің намысын Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Руслан Құрбанов қорғап жатыр.

1/8 финалда команда Түрікменстаннан 45:21 есебімен басым түсті. Одан кейін қазақстандықтар Сингапурды 43:31 есебімен жеңді. Жартылай финалда Қытайды 45:24 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Алтын медаль үшін Қазақстан құрамасы Жапониямен кездеседі. Финал 21 маусымда өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Александр Бублик Германиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын хабарлаған едік.

Новости партнеров