×

Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында екінші медалін жеңіп алды

Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында ерлер арасында семсер қаруымен айқасудан командалық сайыстың финалдық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Ulyssport.

21.06.2025, 15:15
Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында екінші медалін жеңіп алды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алтын медаль үшін Қазақстан мен Жапония құрамалары сайысқа түсті. Тартысты өткен кездесуде жапониялықтар жеңіске жетті. Кездесу 45:39 есебімен аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді. Күміс медаль иегерлері: Эльмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай.

Айта кетейік, Жапония құрамасы 2024 жылғы Олимпиадада финалға дейін жетіп, шешуші кездесуде Венгрияға жол берген болатын.

Жалпы, Қазақстан құрамасының қоржынында екі медаль бар. Бұған дейін Вадим Шарлаимов жекелей сында үшінші орын иеленген еді.

Новости партнеров