×

Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионатында алғашқы жеңімпаздар анықталды

23 маусымда Өскемен қаласында тас жолдағы велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

24.06.2025, 10:11
Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионатында алғашқы жеңімпаздар анықталды
Фото: ҰОК

Республикалық турнир аясында алғашқы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Командалық жарыс (ерлер, 50 шақырым):

1 орын – Жетісу облысы (Өркен Сламжанов, Антон Кузьмин, Евгений Фёдоров, Игорь Чжан)

2 орын – Солтүстік Қазақстан облысы (Даниил Пронский, Мансұр Бейсембай, Алексей Ваганов, Егор Логачев)

3 орын – Қарағанды облысы (Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Владимир Борн, Владислав Башлыков)

Жұптық командалық жарыс (әйелдер, 30 шақырым):

1 орын – Жетісу облысы (Ақпейіл Осим, Фаина Потапова)

2 орын – Жетісу облысы (Евгения Заам, Светлана Пащенко)

3 орын – Астана (Елена Мандракова, Милана Котельникова)

Новости партнеров