×

Өзбек боксшылары Астанада өтетін әлем кубогына қатыспайды

Астана қаласында 30 маусым мен 7 шілде аралығында World Boxing ұйымының қолдауымен әлем кубогының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Ulyssport Qsport.kz-ке сілтеме жасап. 

24.06.2025, 17:00
Өзбек боксшылары Астанада өтетін әлем кубогына қатыспайды
Ашық дереккөзден

Аталған турнирге Өзбекстан ерлер құрамасы қатыспайтын болды. Бұл туралы ұлттық құрама бапкері Қайрат Сәтжанов айтты.

- Өзбекстан құрамасы ең басында келеміз деп тізім берген болатын. Артынан бір-екі жұмадан кейін келмейтінін жеткізді. Астанадағы жарысқа Әлем чемпиондары, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, жеңімпаздары, Азия чемпиондары қатысып жатыр. Деңгейі өте жоғары болады деген ойдамын,- деді бас бапкер.

Новости партнеров