×

Қарсыласы тісқаққан Дусматов: Бибосыновтың келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Париждегі Олимпиадада қазақ боксшысы Сәкен Бекбосынов келесі жекпе-жегін өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа қарсы өткізеді. Екеуі бұған дейін үш рет кездесіп, екі ретінде өзбек боксшысы басым  түскен, деп хабарлайды Ulyssport.kz.

31.07.2024, 10:24
Қарсыласы тісқаққан Дусматов: Бибосыновтың келесі жекпе-жегі қашан өтеді
ашық дереккөзден

Бибосынов пен Дусматов 51 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалда кездеседі. Бұл жекпе-жек 2 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 21:20-да басталады.

Сәкен Бибосынов кеше Олимпиада турнирінде түрік Сәмет Гүмүшті 5:0 есебімен жеңді. Ал Хасанбой Дусматов пуэрторикалық Хуанма Лопес де Хесуспен шығып, 5:0 есебімен ұтты.

Сәкен Бекбосынов 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері әрі 2021 жылғы әлем чемпионы. Хасанбой Дусматов 2016 жылы Олимпиаданың "алтынын" жеңіп алған. Ал былтыр Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңіске жеткен.

Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасында барлық жеті салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Алғашқы жекпе-жегінде команда капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келіге дейін) және аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жеңіліп қалды.

Новости партнеров