×

Дастан Сәтпаев Тәжікстанда ерекше мақтауға ие болды

Тәжікстанның «Азия-Плюс» басылымы Орталық Азиядағы ең қымбат футболшылар туралы шолу жасап, Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының жас шабуылшысы Дастан Сәтпаевты ерекше атап өтті, деп хабарлайды Ulyssport.

Бүгін, 16:10
Дастан Сәтпаев Тәжікстанда ерекше мақтауға ие болды
Ашық дереккөзден

Басылымның жазуынша, «Орталық Азияда жаңа трансферлік көшбасшы пайда болды – ол Қазақстан жастар құрамасы мен алматылық «Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев».

Transfermarkt порталы ұсынған соңғы деректерге сәйкес, Сәтпаевтың трансферлік құны 500 мың еуродан 1,8 миллион еуроға дейін өскен. Бұл – Қазақстан ғана емес, жалпы Орталық Азия елдері – Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан үшін де рекордтық көрсеткіш.

Осы нәтижесімен Дастан Тәжікстан құрамасының қақпашысы Рустам Ятимовты («Ростов») және өзбек ойыншысы Абдувохид Нематовты («Насаф») артта қалдырды. Айта кетейік, бұл екі футболшының да трансферлік бағасы – 1,5 миллион еуро. Сонымен қатар мақалада «Тобыл» шабуылшысы Ислам Чесноковтың да құны 900 мыңнан 1 миллион еуроға дейін өскені көрсетілген.

«Дастан Сәтпаев бүгінде Орталық Азиядағы ең қымбат футболшылар рейтингінің көшін бастап тұр. Ол тек үздіктер қатарына қосылып қана қойған жоқ, бүкіл өңірдегі футбол деңгейінің артып келе жатқанының айғағына айналды. 16 жастағы ойыншының осындай табысқа жетуі – аймақ үшін елеулі оқиға», – деп қорытындылайды мақала авторы.

Новости партнеров