×

Уимблдон: Путинцева АҚШ теннисшісінен ойсырай ұтылды

Уимблдонның бірінші айналымында Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ теннисшісі Аманда Анисимовамен кездесіп, небәрі 44 минутта ұтылды, деп хабарлайды ulyssport.kz

 

30.06.2025, 22:55
Уимблдон: Путинцева АҚШ теннисшісінен ойсырай ұтылды
Wimbledon

Матч нәтижесі: 6:0, 6:0. Анисимова сенімді түрде жеңіске жетті. Екінші айналымда Анисимова әлемдік рейтингте 71-орында тұрған мексикалық теннисші Рената Сарасуаға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, Юлия Путинцева - Қазақстан құрамындағы әйелдер арасында екінші ракетка. Жекелей сында бірінші айналымда өнер көрсеткені үшін Путинцева 77 220 евро сыйақы мен 10 ұпай алады. Отандасымыз жұптық сында турнирді жалғастырады.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр