1 шілдеде Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогы кезеңінің екінші жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Ulyssport.
Қазақстан құрамасының атынан шаршы алаңға алты боксшы шығады.
Күндізгі сессия. Басталуы — 14:00
54 келіге дейін, 1/8 финал
Әнел Сақыш — Феруза Қазакова (Өзбекстан)
80 келіге дейін, 1/8 финал
Нұрбек Оралбай — Мурад Аллахвердиев (Әзірбайжан)
55 келіге дейін, 1/8 финал
Махмұд Сабырхан — Шин Чжэен (Оңтүстік Корея)
Кешкі сессия. Басталуы — 19:00
90 келіден жоғары, 1/8 финал
Айбек Оралбай — Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)
75 келіге дейін, ширек финал
Надежда Рябец — Вивиан Дос Сантос Перейра (Бразилия)
60 келіге дейін, 1/8 финал
Серік Теміржанов — Джейкоб Кассар (Аустралия)
Айта кетейік, жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтуде.