×

Назым Қызайбай бокстан елордадағы Әлем кубогының кезеңін жеңіспен бастады

30 маусымда Астанада бокстан Әлем кубогы басталды, деп хабарлайды Ulyssport.

01.07.2025, 10:46
Назым Қызайбай бокстан елордадағы Әлем кубогының кезеңін жеңіспен бастады
Фото: ҰОК

Жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай шықты. 

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта Канада өкілі Приянка Диллонмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша Назым ширек финалда бақ сынайды.

Новости партнеров