×

Рыбакина: Қазақстандық жанкүйерлерден ақталмаған үміттеріңіз үшін кешірім сұрағым келеді

Париж Олимпиадасына бармаған теннисші Елена Рыбакина әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасады. Оның мәлімдемесі өз парақшасында емес, Қазақстан теннис федерациясының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ulyssport.kz

31.07.2024, 13:26
ҚТФ

Рыбакина не дейді

– Құрметті қазақстандық жанкүйерлер! Сіздерге Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсете алмағаныма өзімнің қаншалықты ренжігенімді және өкінетінімді айтып хабарлаймын. Мен командамен бірге белсенді дайындалып, өкінішке орай, дәл жарыс басталар алдында сырқаттанып қалдым. Дене қызуым қатты көтеріліп, тыныс алуым да қиын болды, дәрігерлер маған кортқа шығуға қатаң тыйым салды.

Барлық қазақстандық жанкүйерлерден ақталмаған үміттеріңіз үшін кешірім сұрағым келеді. Бұл жағдай жүрегіме өте қатты тиді, өйткені мен өз командаммен осы Олимпиада ойындарында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін көп жұмыс жасағанмын және медаль жеңгім келді, – дейді ол.

Рыбакина Токиода өткен Олимпиадада мен медаль алуға өте жақын болғанын әрі медаль алу үлкен мақсаты болып қала беретінін айтады.

– Мен жақын арада кортқа шыға аламын деп үміттенемін. Барлық отандастарыма алғысымды жеткізгім келеді, өйткені әлемнің қай түкпірінде ойнасам да сіздер маған әрқашан айтарлықтай қолдау көрсетесіздер. Стадиондарда көк байрағымызды көріп әрқашан қуанамын. Көп рахмет және кортқа жақын арада ораламын деп үміттенемін, – дейді ол.

Теннисшінің шешімі

Теннистен әлемдік рейтингте 4-орында тұрған Елена Рыбакина Париж Олимпиадасына қатыспау туралы шешім қабылдаған еді. Соңғы рет ол Түркияның Бодрум қаласында демалып жатқан сәтін Instagram әлеуметтік желісіне салған. Елена Рыбакина бұған дейінгі Wimbledon үлкен дулыға бәсекесінде жартылай финалға дейін жетіп, Чехия өкілі Барбора Крейчиковаға 6:3, 3:6, 4:6 есебімен есе жіберген болатын.

Новости партнеров

Қазір оқылып жатыр