Нысана көздеуден Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев кезекті жарысында сүрінді, деп хабарлайды Ulyssport.kz
Париж Олимпиадасында винтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуден ерлер арасындағы іріктеу аяқталды.
Ұлттық құрама қоржынына алғашқы жүлдені салған Ислам Сәтпаев 588 ұпай жинап, 18-сатыға тұрақтады. Ал Константин Малиновский 586 ұпаймен 25-орыннан көрінді. Мұнда жақсы нәтиже көрсеткен 8 спортшы ғана финалға жолдама алды.
Барлығы іріктеуге 44 спортшы қатысты.